Қазақстанмен шекарадағы әскери қоймада жарылыс болды (видео)

22 қазанда түнде Өзбекстанның Қазақстанмен шекарадағы Сырдария облысындағы әскери қоймада жарылыс болды.

Алматы, NEGE.  Жарылыс 22 қазан сағат 04:55-те Мәлік кентіндегі Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің қоймасында болған.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты Өзбекстан Қорғаныс министрлігі тергеуді бастады.

Оқиғадан е шкім зардап шекпегені айтылуда.