Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пунктері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытайдың шекарасында екі автокөлік бақылау бекеттері уақытша жабылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Қытай тарапының «Дуань-У» мерекесін атап өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің негізінде2021 жылғы 14 маусымда «Нұр Жолы» және «Достық» автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді», – деп жазылған хабарламада.

ҚР ҰҚК қазіргі уақытта қазақстан-қытай шекарасында 2 теміржол өткізу пункті («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автомобиль («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») жұмыс істейтінін, жалғасып отырған карантиндік шектеулерге байланысты тек жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатынын еске салады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті