Қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпекші болған Пәкістанның 9 азаматы ұсталды

Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. 2023 жылғы 15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады. 

Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.