Қазақстанға ұшып келген алты жолаушыдан коронавирус анықталды

Халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.

Алматы, NEGE. "6-12 қазан аралығында Халықаралық  әуе рейстерімен 14 578 жолаушы келді, олардың ішінде коронавирусқа ПТР анықтамалары бар - 11 966 немесе 82 пайыз, анықтамасыз - 2 596 жолаушы. ПТР талдауын тапсыру үшін 2 596 қазақстандық екі күндік карантинге орналастырылды.

Тест тапсырған 2 596 қазақстандықтың ішінен әртүрлі  әуе арейстерімен және түрлі мерзімдер бойынша келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды", - деді Байғабылов.

Оның айтуынша, жұқтырғандардың арасында үш жолаушы Алматыда (10 және 12 қазанда ұшып келген), біреуі Нұр-Сұлтанда (9 қазанда) және екеуі Шымкентте (11 қазанда).

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді