Қазақстанға Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі келеді

Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің Сыртқы істер достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары жоспарланғанын айтты.

Алматы, NEGE. Астанада Джеймс Клеверли президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездеседі.

Сонымен қатар сапар аясында Астанада ІІ Элизавета атындағы сквердің ашылуы жоспарланған.

Сапар барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады.