Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келіп жетті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ДДҰ мақұлдаған Covid-19 вирусына қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді.
Алматы, NEGE. Бұл жайында қазақстанда коронаиврустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия мәлімет таратты. Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды. Comirnaty-американдық Pfizer компаниясы мен германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады.