Қазақстанға көп инвестиция салған мемлекеттер белгілі болды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Kazakh Invest Ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің отырысында биылғы жылғы 11 айдағы жұмыс қорытындысы қаралды, – деп хабарлады Үкімет баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. "Қазіргі кезде Kazakh Invest қолдауымен жалпы көлемі 55 миллиард долларға жуықты құрайтын 228 инвестициялық жоба агроөнеркәсіп, машинажасау, тау-кен металлургиясы, мұнайгаз химиясы, көлік-логистика, жаңартылатын энергетика және құрылыс индустриясы салаларында пысықталып, іске асырылуда. Топ инвестор елдердің қатарына Еуропалық Одақ мемлекеттері, АҚШ, Ресей, Түркия, Сингапур мен Қытай кіреді", – делінген хабарламада. 

Биыл 11 айда 454 миллион долларлық 8 жоба іске асырылды, 487 миллион долларлық 10 жоба бойынша пайдалануға беру жоспарланған, көлемі 3,4 миллиард доллар болатын 21 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 

Отырыста жаңа редакциясындағы штаттар саны мен ұйымдастыру құрылымы, ішкі аудит қызметінің есебі, директорлар кеңесінің 2020 жылға жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ басқа да мәселелер қаралды. 

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты