17 августа 2022 г. 15:15

Қазақстанға келген Зимбабвенің әскері сахнаны жарды

Фото:

Зимбабве сарбаздарының Қазақстан сахнасында билеп жатқан видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр.  Олар Халықаралық армия ойындарына (АРМИ-2022) қатысуға келген Зимбабве әскері. 

Алматы, NEGE. ҚР Қорғаныс министрлігі видеода Әскери базаның мәдени-демалыс орталығында "Армия ойындары-2022" қатысушыларына арналған концерттен үзінді көрсетілгенін түсіндірді.

Ойындар Жамбыл облысындағы полигонда өтіп жатыр. Биылғы жылы жарысқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерінің өкілдері қатысуда.

Тегтер: