Қазақстанға бір тәулікте 37 халықаралық әуе рейсі келді

Елімізге бір тәулікте бірнеше елден рейс келді.

 Алматы  NEGE. 2021 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Венгрия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлайды.

Өткен тәулікте 4 742 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 1 875 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1741 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 186 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 178 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 114 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 143 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 168 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 2 рейс, 337 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады