Қазақстанға 35 градустық аяз келе жатыр

Ауа-райын болжау қызметінің мәліметінше, қаңтардың 30-ы мен ақпанның 1-де Қазақстанда күшті аяз тұрады.

Алматы, NEGE. Қазгидромет мамандарының болжауынша, елдің басым бөлігінде қар жауып, боран тұрған жағдайлар саябырсығанымен, оның соңы күшті аязға ұласады. Бұл бірінші кезекте Орал тауларынан ойысып республиканың басым бөлігіне келетін суық антициклонмен байланысты. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде 25, кей жерде 35 градусқа дейін аяз болса, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 22 градусқа дейін суытады деген болжам бар. Тек елдің батыс өңірінде туатын жылымық әсерінен қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті