Қазақстанға жалған төлқұжатпен өтпек болған шетелдік ұсталды

12 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады.

ҰҚК

Алматы, NEGE. Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

«2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды. ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды», — деп мәлімдеді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады