Қазақстанға вейптерді алып келуге және таратуға тыйым салынады

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер тұжырымдамасынан тыс темекі өнімдерін тұтынуды шектеу нормалары да қарастырылған.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

Олардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі:

– сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу;

– әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

– қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекеттер үшiн – 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезіндегі міндетті клиникалық хаттамаларды қолдану алынып тасталады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді