Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Ақорда.
Астана, NEGE. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Режеп Тайип Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммитіне қатысады. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.