Қазақстанға Ресейдің 21 аймағынан шошқа еті қайта жеткізілетін болды

Мөрленген көліктерде шошқа еті мен одан өндірілген өнімдердің транзитіне рұқсат берілді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан 20 желтоқсаннан бастап Ресейдің 21 аймағынан шошқа етінің транзитіне рұқсат берді, деп хабарлады «Россельхознадзор». 

Еске сала кетсек, 2023 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстан африкалық обаның тіркелуіне байланысты, Ресейден шошқа өнімдерінің импорты мен транзитіне шектеулер енгізген болатын.

«Россельхознадзор» жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша, Қазақстан тарапы 2024 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Ресейдің 21 аймағынан ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарын сақтай отырып, мөрленген көліктерде шошқа еті мен одан өндірілген өнімдердің транзитіне рұқсат берді, – делінген хабарламада.

Бұл ретте Марий Эл Республикасы, Удмуртия, Чувашия, Краснодар, Приморск, Ставрополь, Хабаровск өлкелері, Владимир, Волгоград, Воронеж, Иваново, Киров, Курск, Пенза, Ростов, Рязань, Самара, Амур, Тверь және Тула облыстары, Ханты-Манси автономиялық округі – Юградан транзитке рұқсат берілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен