Қазақстанға кіру үшін шетелдіктерге арналған электронды рұқсат жүйесі енгізілмек

Ішкі істер министрлігі иммигранттардың Қазақстан Республикасына келуі, елде болуы және Қазақстаннан шығу қағидаларына өзгеріс енгізетін қаулы жобасын әзірледі.

shekaraknbkz

Астана, NEGE. Құжатта шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіруге электронды рұқсат беру тәртібі қарастырылған. Жүйені 2026 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

«Кезең-кезеңмен енгізу кестесі логистикалық мүмкіндіктер мен өткізу бекеттерінің барлық түріндегі шекаралық инфрақұрылымның тұрақты бейімделуін қамтамасыз етеді», – делінген құжат түсіндірмесінде.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, электронды рұқсат беру көші-қон ағындарын есепке алудың ашықтығын, жеделдігін және толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құжат жобасымен 17 тамызға дейін «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.