Қазақстанға Кореядан қауіпті вируспен зақымданған өнім әкелінген

Астана әуежайында карантиндік өнім  әкелу фактісі анықталды. Өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.

gov.kz

Астана, NEGE. Халықаралық әуежайдағы фитосанитариялық бақылау кезінде карантиндік өнім әкелінгені белгілі болды.

«Фитосанитариялық іс-шаралар нәтижесінде Корея Республикасынан әкелінген, алайда шығу тегі Үндістан болып саналатын қызанақ тұқымдарынан карантиндік объект – қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus) анықталды», – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл вирус ауыл шаруашылығы өндірісіне, әсіресе көкөніс шаруашылығына елеулі зиян келтіруге қабілетті аса қауіпті карантиндік объектілер қатарына жатады және елдің фитосанитариялық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді.

Қауіпті вируспен зақымданған өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?