Қазақстанға келген шетелдіктер саусақ ізін тапсырады

Қаңтар айынан бастап әлемнің әр түкпіріндегі Қазақстан елшіліктері елімізге келетін шетел азаматтарынан саусақ ізін алуды бастады, деп хабарлайды 24KZ.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Вашингтондағы Консулдық қызметте Қазақстанға баруды жоспарлаған шетелдіктерді дактилоскопиялық тіркеуден өткізіп жатыр. Визаға өтініш берген өзге ел азаматы он саусағының ізін тапсырады.

Мұндай талап елімізде тұрақты тұру үшін рұқсат алуға ниет білдірген азаматтығы жоқ адамдарға да қойылады. Жалпы АҚШ азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз кіре алады.

Бірақ жұмыс, оқу, бизнес мақсатымен ұзақ мерзімге баратындар үшін виза міндетті. АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінде елімізге оқуға аттанғалы жатқан америкалық студенттер алғаш рет саусақ ізін тапсырып жатыр. Заң бойынша 16 жастан асқан әрбір шетелдік осы рәсімнен өтуі тиіс.

Дактилоскопия әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады. Ол мемлекеттік органдарға жеке тұлғаларды тез анықтау және көші-қон ағынын бақылап, қылмыстың ізін суытпай ашу үшін қажет. Яғни, ұлттық қауіпсіздік үшін аса маңызды. З

аң талабы бойынша шетелдіктердің жеке бас мәліметтері 10 жыл бойы ақпараттық базада, одан кейін 40 жыл мұрағатта сақталады.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді