Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілуі мүмкін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 21 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысушылардың жұмысына өзгерістер енгізуді ұсынды.

Алматы, NEGE. Оның ішінде «жасыл» мәртебесі бар азаматтар үшін үйлену тойын өткізуге рұқсат беру де бар.

Тойды алдын ала тіркеу бойынша және барлық қызметкерлер вакцина алған мекемеде өткізу ұсынылды. Қонақтар санына да шектеу бар: 100 адамнан аспауы керек.

Ұлттық палата ішінара локдаун жариялау нәтижелі емес деп есептейді, өйткені кейбір мекемелер жасырын жұмыс істеп, көп адам жиналатын іс-шара өткізуді тоқтатпай отыр. Олардың мәліметінше, 46 000-нан астам карантин ережесін бұзу анықталған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді