Қазақстандықтардың жеке деректерін таратып келген Telegram-бот анықталды

Қазақстандықтардың жеке деректерін таратып келген 8 Telegram-бот бұғатталды, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, жеке деректердің таралуына қауіп төндірген Telegram-бот жойылды.

Министрлік азаматтарды мұндай боттарды пайдаланбауға және өз деректерін жалпыға қолжетімді дереккөздерде қалдырмауға шақырды.

«Telegram-боттарды пайдалану деректердің таралуына және аккаунтты басқара алмауға әкеліп соғуы мүмкін. Егер, сіз осындай боттарды анықтасаңыз, бұл туралы министрлікке хабарлаңыз», – делінген министрліктің хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады