Қазақстандықтардың несиесі кешірілсе не болады? Қаржыгердің жауабы
Несиесі жоқ адамды елестету өте қиын. Әрбір қазақты толғандырып отырған мәселенің бір ұшы осы несиеге келіп тіреледі. Біз бай болғымыз келеді. Ақшаны шытырлатып санап отыруды армандаймыз, қатарымыздан қалғымыз келмейді. Сол себепті бүгінде несиеге тәуелділік есірткіге тәуелділік сияқты өршіп барады. Әрбір 10 адамның 8-нің басында несие бар.