Қазақстандықтардың жеке деректері медициналық ұйымдардан тараған болуы мүмкін – Бектенов кінәлілер жазаланады деп уәде берді

Премьер-министрдің айтуынша, деректердің таралуы медицина ұйымдарымен байланысты болуы мүмкін. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құқық қорғау органдары тексеруді бастаған, алайда әзірге күдіктілер анықталған жоқ.

«Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Бүгінгі қолда бар ақпаратқа сүйенсек, деректер 2022 жылға тиесілі. Бұл — өте өкінішті жағдай. Мұндай фактілердің болуы Үкіметке де абырой әкелмейді. Бірақ тексеруші органдардың алдын-ала тұжырымдары бойынша деректер медициналық ұйымдардан тараған болуы мүмкін. Өйткені олар мемлекеттік дерекқорларға қол жеткізе алады. Бірақ оларды ұрлықтан сақтай алмайды. Тиісті жауапкершілік бар», – деді Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр аталмыш жағдайға жол берген жауапты адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?