«Жеке деректер медициналық ұйымдар арқылы қолды болған» – Денсаулық сақтау министрлігі не дейді?

Жақында «16 миллион қазақстандықтың жеке деректері желіде тарап кетті» деген ақпарат тарады. Қазір осыфакті бойынша Қылмыстық кодекстің 208-бабына сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. 

freepik.com

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов «алдын ала мәлімет бойынша, жеке деректер медициналық ұйымдар арқылы тарап кетуі мүмкін» деп мәлімдеген.

«Бұл – өте өкінішті жағдай. Мұндай фактілердің болуы Үкіметке де абырой әкелмейді. Бірақ тексеруші органдардың алдын-ала тұжырымдары бойынша деректер медициналық ұйымдардан тараған болуы мүмкін. Өйткені олар мемлекеттік дерекқорларға қол жеткізе алады. Бірақ оларды ұрлықтан сақтай алмайды. Тиісті жауапкершілік бар», – деген еді Бектенов.

Премьер-министр бұған жол берген жауапты адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өткен-ді. 

Фото: ОКҚ

Азаматтардың жеке деректері медициналық ұйымдардан қандай жағдайда тарап кеткен? Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында NEGE тілшісі жолдаған сауалға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан НҰРЛЫБАЕВ жауап берді.

«Аталған мәселеге қатысты қазір Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қоғамға толық ақпарат беріледі. Сондай-ақ, деректердің таралу көзі нақты анықталатын болады», – деп қысқа қайырды Ержан Нұрлыбаев. 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі жеке деректердің қандай жағдайда және нендей мақсатта тарап кетуі мүмкін екенін ашып айтпады. 

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады