Қазақстандықтарды интернет арқылы алдаған жамбылдық алаяқ ұсталды

Қазақстандықтарды интернет арқылы алдаған жамбылдық алаяқ ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. “Жамбыл облысының тұрғыны әлеуметтік желідегі instagram-ның фейк парақшасынан өзін қыз ретінде таныстырып, ақшаны инвестициялық жобалар арқылы қысқа мерзімді ірі табыстар табуды ұсынған. “Алға жылжыту” деп аталатын ақша қаражатын ер адам оның шотына “1Xbet” букмекерлік кеңсесіне аударуды сұрады”, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Полиция бүгінгі күні алаяқтық жасаған күдіктінің қолынан республика бойынша 50 адам зардап шеккенін атап өтті. Жәбірленушілер 10-нан 200 мың теңгеге дейін ақша салған, алғашқылардың бірі болып Павлодар облысының тұрғыны болып шықты.

Күдікті анықталып, ұсталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?