24 мая 2020 г. 20:17

Қазақстандықтар вакцина жасады | #13 ШОЛУ

Қазақстандықтар коронавирус вакцинасын ойлап табуы мүмкін. Ел ғалымдары Covid-19 пандемиясына қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады. Дүйсенбідегі ақпараттар легінің өзектісі осы. Қазақстан ресми түрде COVID-19 вирусына қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алды. Өзіңіз ойлаңызшы сынақ сәтті өтсе Қазақстанның жұлдызы жанғалы тұр. Бір кездері Абай Бегейдің «Ай мүсін» әнін сынаған талай қоғам қайраткері сол әнді айтып, бейнебаянға түскен еді. Егер біздің ғалымдардың вакцинасы COVID-19-ға төтеп берсе, кешегі Марат Омаровтың вирус болған «Коронавирус кет, кет» әнін қайраткерлер тағы шырқамасына кім кепіл?! Осы және өзге де қызықты тақырып дүйсенбіде тәуір жазылды, оқылды, талқыға түсті.

Димаштың әні алтын сертификатқа ие болды

Ән демекші, Димашымыздың коронавирусқа қарсы күреске арналған әні алтын сертификатқа ие болды. Димаштың таланты мен еңбекқорлығын ешкім жоққа шығара алмас. Отандасымыздың әр жетістігін сайтымыз мейлінше насихаттап, көрермен, тыңдарманнан сүйінші сұрайды. Расымен де Димаш салған ән жанға рахат сыйлайды емес пе?! Мәдениет айдарынан толығырақ оқи аласыз. Айтпақшы, Димаштың қай әнін сүйіп тыңдайсыз, оны коментке жазып қалдырыңыз.

Карантиндік шаралар күзде де қабылдануы мүмкін

Карантиндік шаралар күзде де қабылдануы мүмкін деген сыбыс желіні желдей кезіп жүр. Мамандар не дейді? Шынымен де молшылық пен берекеге толы кезеңде тағы карантинге кезігеміз бе? Сайтымызда аталған мәселе көтерілді. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мұны растап отыр. «Алайда күзде қабылданатын шаралар жағдайға қарай іске асырылады, яғни сол кездегі назарға алынады», дейді Бюрабекова ханым. Сәрсенбінің сәтіндегі ақпар осы. Айтпақшы, осы күні Ақорда Кремльді орнына қойды. Осы тақырыпта тілшіміз сауатты һәм салмақты сараптама жазған-ды. «Бас тақырыпты» түртіп қалсаңыз болғаны, алдыңыздан шыға келеді.

COVID-19 жұқтырғандар саны күрт артты

Бейсенбіде жаһандық һәм отандық БАҚ «соңғы тәулікте вирус жұқтырғандар күрт көбейді» деп дабыл қақты. Статистика бойынша бір күнде 106 мың адамнан қауіпті вирус анықталған. Дәл осы күні Қазақстанда індетке шалдыққандар 7 мыңнан асты. Ал, әлемде 5 миллионнан. Nege.kz пардемияға қатысты маңызды ақпаратты назардан тыс қалдырмайды. Сондықтан сайтқа жиі кіріп, әлеуметтік желідегі ресми парақшаларға тіркелуді ұмытпаңыз.

1 маусымда базарлар іске қосылады

Елімізде ТЖ алынып тасталса да, карантин режимі қалыпты. Жұрттың бір бөлігі екеуін ажырата алмай базарлап кеткені бар. Алайда бәрі жабық. Сонымен Алматыда базарлар 1-маусымнан бастап жұмыс істейтін болды. Қанша жерден карантин келіп, төтенше жағдайдан үй, көше, қала, базар жыбылып жатса да ажарыңыз ашық болсын. Келер аптаға дейін аман болайық! Құдай берген Арманымыз орындалсын!

Тегтер: