Қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алу жеңілдеді

РФ Президенті Владимир Путин «Беларусь, Қазақстан және Молдава азаматтарын Ресей азаматтығына қабылдау туралы» жарлыққа қол қойды.

Алматы, NEGE. Бұл құжат ресейлік паспортты алу процедурасын жеңілдетеді, деп хабарлайды Kazinform. 

18 желтоқсанда рәсімделген құжат ресми жарияланған құқықтық актілер порталында орналастырылды. Оған сәйкес 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары келесі талаптарды сақтамай-ақ Ресей азаматтығын ала алады:

   – Ресей Федерациясында тұрақты тұру;

    – Ресей тарихын және Ресей Федерациясының заңнамасының негіздерін білу.

Дегенмен, қазақстандықтар орыс тілін жетік білетіндігін дәлелдеуі тиіс. Қазақстан азаматтары ресейлік паспортты алу үшін тұрақты тұруға өтініш, ұлттық паспорты мен орыс тілін білетіндігін растайтын құжат ұсынуы қажет. Дәл осыдай талап Молдава азаматтарына да қойылады. Ал Беларусь азаматтарына орыс тілін білетіндігін растаудың қажеті жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті