Қазақстандықтар ұшақпен жиі қатынайтын болды
Әуе қатынасы арқылы тасымалданған жолаушылар саны артты, деп хабарлайды 24.kz.
Алматы, NEGE. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында әуе көлігімен 3,6 млн адам тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайызға көп.
Осы аралықта жолаушылар айналымы - 5 877,1 млн/ж-шақырым. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары.
Тасымалданған жолаушылардың негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі – 2,5 млн жолаушы.
Кәсіпорындардың жолаушылар тасымалынан түскен табысы 157 650 млн теңге болды.