6 ноября 2023 г. 13:57

Қазақстандықтар Үкімет отырысының онлайн-трансляциясы кезінде пікір білдіре алатын болды

Фото:

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін үкімет қаулысын әзірледі.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, жаңа өзгеріс бойынша, отырыстар онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ете отырып ашық әрі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.

Президенттің немесе премьер-министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.

Құжатта қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Үкіметтің ашық отырысының қорытындылары отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде интернет-ресурста орналастырылатыны жазылған.
"Онлайн-трансляция жүргізу кезінде азаматтарға пікірлер қалдыруғамүмкіндік беріледі", – делінген құжатта.

Қаулы 2024 жылғы 4 сәуірден бастап күшіне енеді.

Тегтер: