Қазақстандықтар той тойлауды тоқтатқан жоқ

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қазақстандықтардың шектеуге қарамастан той өткізіп жүргенін хабарлады.

Алматы, NEGE. 5 шілдеден бастап әкімшілік жауапкершілікке 495 жеке тұлғаға тартылып, жалпы 20 миллион теңге айыппұл салынған. 

"Адамдардың мереке ұйымдастыруы әлі де жалғасып жатыр. Өкініштісі, ондай деректер көп тіркеліп жатыр. Шектеуге қарамастан кей азаматтар той, ұзату тойын, туған күндерді тойлап жүр. Мұндай жағдайда инфекцияның тарау қаупі жоғары. Үлкен отбасылық мерекелерге қонақтар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналады", - дейді Есмағамбетова.  

Оның айтуынша, карантин режимін бұзғандардың көбі Алматыда, Түркістан, Жамбыл, БҚО, Павлодар және Алматы облыстарында анықталған. Той ұйымдастырушыларға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік тағайындалған. 

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты