Қазақстандықтар Паралимпиада ойындарын аяқтады

Бүгін қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады.

Алматы, NEGE. Медальдар кестесінде Қазақстан Аустралия және Швейцариямен бірге 17-орынға жайғасты.

Қытай командасы – бірінші орында, украиналықтар – екінші орында, ал Канада үздік үштікті түйіндеді.

Еске сала кетейік, Александр Герлиц Қазақстанға жалғыз медаль әкелді, ол парабиатлоннан түрегеп сырғанауда қола жүлдегер атанды.

Қазақстанның атынан Бейжіңдегі ойындарда бес спортшы – Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин өнер көрсетті.