Қазақстандықтар маусым айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар маусым айында Құрбан айтты атап өтеді.

Алматы, NEGE. Үкімет қаулысына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Қазақстандықтар 28 маусым сәрсенбіде демалады. Маусым айында бес күндік жұмыс аптасында барлығы тоғыз демалыс күні болады.

Қазақстанда Құрбан айт және православиелік Рождество деген екі діни мерекеде демалыс болады.