2 октября 2022 г. 10:00
Қазақстандықтар кедергісіз өту үшін Ресеймен шекарада жеке жол жолақтары бөлінді
Алматы, NEGE. Сенбі, 1 қазан күні Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көші-қонның өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов тиісті инфрақұрылымы бар өткізу пункттерінде Қазақстан азаматтары, жүк көлігі және шетелдіктер үшін жеке жол жолақтары бөлінгенін хабарлады.
«Қазіргі кезде Қазақстан азаматтары үшін шекарадан өту бойынша проблемалар жоқ», – деді ол.