Қазақстандықтар Жаңа жыл меркесіне орай 1-4 қаңтар аралығында демалатын болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыратын бұйрық дайындады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күн болатын азаматтар – 1-3 қаңтар аралығында демалатын болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15, 16 желтоқсан – демалыс.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 14 желтоқсан күні жұмыс күні ретінде бекітілген.

30, 31 желтоқсан дүйсенбі және сейсенбіге сәйкес келгендіктен, қазақстан-дықтар айдың бұл күндері демалмайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды