Қазақстандықтар Жан Байжанбаев бастаған бірнеше актерді қамауға алуды талап етті

Jan Production ісі бойынша зардап шеккен бір топ ата-ана Бас прокуратурадан компания жарнамасына түскен актерлерді қамауға алу жөнінде санкция беруді талап етуде. Компания балаларды киноға түсіруге уәде етіп, ата-аналардан қомақты қаржы алған.

instagram/zhan_baizhanbayev

Астана, NEGE. Заңгер Раушан Омарованың мәлімдеуінше, 18 мамырда Алматы қаласындағы Jan Production жеке кәсіпкерлігі мен оның жетекшісі Ержан Едігебаевқа қатысты резонанстық іс бойынша сот процесі өтіп, зардап шеккен тараптың талаптары қанағаттандырылған. Енді зардап шегушілер Жан Байжанбаев бастаған бірқатар актерді қамауға алуды талап етіп отыр.

«Екі айдан астам уақыт бойы жалғасып жатқан тергеуге қарамастан, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағында (Ірі көлемде адамдар тобы болып жасалған алаяқтық) көзделген іске қатысы бар тұлғалар әлі күнге дейін қамауға алынған жоқ. Атап айтқанда, актерлер Жан Байжанбаев, Дәурен Айдарқұлов, Берік Айтжанов, Жанна Қуанышева, Қуандық Шәкіржанов. Біз Бас прокуратурадан оларды қамауға алуға санкция беруді талап етеміз», – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ зардап шеккендер компаниядан келтірілген шығынды өтеуді сұрайды. 

Айта кетейік, баласын киноға түсіруден үмітті болған ата-аналар компанияға шамамен 1,5 миллион теңгеден төлеген. Кейін компанияның кеңсесі жабылып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген жалпы шығын 6 миллиард теңгеден асқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Тоқаев

Ішкі рейстердің билеті арзандай ма? Экономист ҚҚС-ның әсерін түсіндірді