22 апреля 2025 г. 14:21

Қазақстандықтар RG Brands компаниясымен бірге мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін 15 миллион теңге жинады

Фото: Фото:

Қасиетті Рамазан айында Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету акциясы өтті. Бүкіл ел бойынша бей-жай қарамайтын адамдардың қолдауының арқасында 15 миллион теңге жинақталды. Бұл қолдауға мұқтаж көпбалалы және толық емес отбасыларға 600 азық-түлік «Қамқорлық сәлемдемелерін» қалыптастыруға және беруге мүмкіндік берді.

Әрбір осындай сәлемдеме ұжымдық қатысудың нәтижесі саналады. Екі айдың ішінде RG Brands компаниясының белгілі бір өнімдерін сатып ала отырып, қазақстандықтар жан жылулықтарымен аса мұқтаж жандармен бөлісті. Әр белсендіруден түскен 5 теңге автоматты түрде азық-түлік себеттерін қалыптастыруға жұмсалды.

Әрбір тұтынушы әдеттегі – Piala Gold шайы, DaDa шырыны, AVA лимонады, A’SU суы немесе Pepsi сусының таңдау арқылы игі істің бір бөлігі бола алады. Бұл сатып алулар ортақ игі іске үлес қосу болып табылады.

Төменде көрсетілген үш қалада көмек таратылды:

Алматы – 236 сәлемдеме жинақталды және жіберілді

Ақтау – 182 сәлемдеме жинақталды және жіберілді

Астана – 182 сәлемдеме жинақталды және жіберілді.

Фото:

«Қазіргі таңдағы мұндай көмектің түрі тек азық-түлік таратумен шектелмейді. Бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға бей-жай ғана қарамай, оларға көңіл бөлуді, нақты қол ұшын созуды, қамқорлық көрсетуді білдіреді. Біз осы акцияның бір бөлігі болғандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамыз», – деп атап өтті қазақстандық Қызыл Жарты Ай әлеуметтік көмек департаментінің директоры Шалахметова Дана.

Рамазан – миллиондаған қазақстандықтар үшін ерекше мейірімділік таныту мен өзара көмек көрсету уақыты. Бұл жүректер жақсы істерге ашылатын ай, әсіресе жақын адамдармен бөлісу және қиын адамдарға қолдау көрсету маңызды. Сондықтан көмек акциясы ерекше күш пен реакцияға ие – бұл Рамазан рухының жалғасы, шынайы қамқорлық пен бірліктің көрінісі. Көмек алғандар үшін сәлемдемелер тек қолдау ғана емес, сонымен бірге қоғамда әрқашан жақсылыққа орын бар екенін еске салу.

Фото:

«Біздің отбасымыз барлық қазақстандықтарға мұқтаж көпбалалы отбасыларға көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Мен алты баланың анасы ретінде мұндай қолдаудың қаншалықты маңызды екенін білемін. Мейірімді және жомарт адамдар сыйлаған әрбір қуаныш, күш пен сенім береді», – деді Айжан Пазилова, Алматыдан.

«Менің балаларым қатты қуанды. «Қамқорлық сәлемдесі» үшін рақмет! Сіз жасаған жақсылық сізге мың еселеніп қайтсын. Сіздерге бейбітшілік, денсаулық және амандық тілеймін», – деп бөлісті сегіз баланың анасы Аманжолова Жұлдыз, Ақтаудан.

Фото:

Қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін қазақстандық Қызыл Жарты Ай қалыптастырды – ерекше қиын жағдайға тап болғандарға ерекше назар аудара отырып: көп балалы, толық емес отбасылар, қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасылар. Ұйымдастырушылар үшін көмек шынымен қажет жерге келуі маңызды болды. Жан-жақты барлық мәселелерге назар аудару – RG Brands-тің басты құндылықтары мен адами көзқарастарының көрінісі.

RG Brands компаниясының Қазақстандық Қызыл Жарты Аймен бірлесіп жүзеге асырған бастамасы қарапайым күнделікті іс-әрекеттер мыңдаған адамдарды бір мақсат – біреудің өмірін сәл жеңілдету үшін біріктіре алатындығының мысалы болды. Елімізде мұндай акциялардың көбейгені ләзім.