Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады?

Аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар наурызда 14 күн демалады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар қосымша төрт күн демалады.

Бұл айда екі мемлекеттік мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы тойланады.

Халықаралық әйелдер күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үш күн, 8, 9, 10 наурызда демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз – жұмыс күні.

Биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн демалады – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз. Мереке наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі, яғни 25 наурыз демалыс күні тізіміне қосылады.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін дүйсенбі, 25 наурыз – жұмыс күні.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?