Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

Қазіргі уақытта Қазақстан тарабы 11 елмен трансшекаралық төлемдерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Олардың қатарында Қытай, Үндістан, БАӘ, Қырғызстан және Өзбекстан бар.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленов мәлімдеді. Оның айтуынша, Орталық банк қазақстандықтардың Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдерде банк қосымшалары арқылы трансшекаралық төлем жасау мүмкіндігін пысықтап жатыр.

Қытай бағыты бойынша жүйе жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарланған.

«Қалған елдерде іске қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Шамамен келесі жылдың ортасына дейін іске қосу басталады», – деді ол Central Asia Fintech Summit 2026 форумында.

Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін қазақстандықтар шетелде тауарлар мен қызметтердің ақысын банктің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеп төлей алады.