Қазақстандықтар карталарынан ақша жоғалып жатқанын айтты

Екі жағдай мысалға келтірілген. Екеуінде де Olimpbet букмекерлік кеңсесі аталған.

freepik.com

Астана, NEGE. Зардап шеккен пайдаланушылар Bank RBK және ForteBank банктеріне сұрақ жолдаған, деп жазады Telegram-дағы Бычий звоночек арнасы.

«Bank RBK, бұл ақша түнде мен ұйықтап жатқанда әрі телефоным өшірулі тұрған кезде алынған», – деп жазды қолданушылардың бірі.

«ForteBank, маған ескертпестен ақшаны оңай шешіп алған», – делінген тағы бір шағымда.

Банктер шағымдар қабылданып, тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында интернет-төлемдерді толық өшіріп, тек қажет болған жағдайда қосу ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды