23 октября 2025 г. 17:15
Қазақстандықтар енді жүргізуші куәлігін мобильді қосымша арқылы алады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімді екенін хабарлады.
Алматы, NEGE. Енді азаматтар ХҚКО-ға бармай-ақ, өтінішті онлайн жолдай алады. Жүйе медициналық анықтама мен автомектепті аяқтау туралы мәліметтерді автоматты түрде тексереді.
Өтініш берген соң үміткер өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Мемлекеттік баж төлемі емтихандар сәтті өткеннен кейін ғана төленеді.