Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды
21 тамыз күні түстен кейін қазақстандықтар eGov сайты мен мобильді қосымшасына кіре алмағанына жаппай шағымданды.
Астана, NEGE. Detector404 порталының мәліметінше, шамамен сағат 15:00-де пайдаланушылардың шағымы күрт өсе бастаған. Қазақстандықтар сайт пен қосымша ашылмай тұрғанын, сондай-ақ сервер қолжетімсіз екенін хабарлаған.
Соңғы бір сағатта халық санына шаққандағы eGov жұмысына қатысты шағымдардың көбі Алматыдан түскен – 17%. Одан кейін Қарағанды облысы – 14%, Қостанай облысы – 10%, Астана – 10% және Ақтөбе облысы – 7%.
Шағымдар әртүрлі құрылғылардан түсуде: Android-тан – 36,9%, Windows жүйесінен – 32,3%, ал iOS-тан – 29,2%.
Материал жарияланған кезде ақаудың себебі мен сервистердің қашан қалпына келетіні туралы ресми ақпарат болған жоқ.