Қазақстандықтар дзюдодан Азия чемпионатының екінші күнінде финалға шыға алмады
Бангкокта (Таиланд) дзюдодан Азия чемпионаты жалғасуда. Турнирдің екінші күні татамиге Қазақстан құрамасының алты спортшысы шықты.
Алматы, NEGE. Алайда олардың ешқайсысы финалға жолдама ала алмады. Тіпті, отандастарымыз жартылай финалға да өтпеді.
Нәтижесінде финалдық кезеңде тек Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) мен Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) бақ сынайды. Дзюдошылар Азия чемпионатының жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетті.
Кристина Сотникова (70 келіге дейін), Есет Қуанов (73 келіге дейін), сондай-ақ Азат Күмісбай мен Мәди Амангелді (екеуі де 81 келіге дейін) жарысты жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.