Қазақстандықтар аты-жөнінен бұрын ЖСН алатын болады

Мәжіліс депутаттары байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Ол мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған.

Жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) беріледі. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты