Қазақстандықтар 2024 жылы 15,8 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған

2024 жылы Қазақстанда 31 667 VIP-нөмір рәсімделген.

kolesa.kz

Алматы, NEGE. Ең арзан VIP-нөмірлер (010, 020, 030, т.б.) 57 АЕК (210 330 теңге) тұрса, ең қымбаттары (001, 002, 777) 285 АЕК (1 051 650 теңге) бағаланған. Қазақстандықтар 2024 жылы VIP-нөмірлерге 15,8 миллиард теңге жұмсаған.

Алматы, Астана және Шымкент тұрғындары бұл нөмірлерге ең көп қаражат бөлген. Алматыда 4,9 млрд теңге, Астанада 2,5 млрд теңге, ал Шымкентте 2 млрд теңге жұмсалған.

VIP-нөмірлерді арнайы ХҚКО немесе e-Gov порталы арқылы рәсімдеуге болады. Мұндай нөмірлер басқа адамға берілмейді, тек мұрагерлікке немесе жақын туыстарға қалдыруға рұқсат етілген. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?