Қазақстандық жүйрік үздіктер қатарында

Бразилияның Сан-Пауло қаласында триатлоннан Панамерика кубогі аяқталды.

Алматы, NEGE. Халықаралық сынға қазақстандық атлет Аян Бейсенбаев та қатысты деп хабарлады Olympic.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Бейсенбаев бесінші орын иеленді.

Ол турнирді 01:01:17 нәтижесімен аяқтады.

Бірінші орынды Мануель Мессиос, екінші орынды Мигель Идальго иеленген. Үздік үштікті аргентиналық Лусиано Таконе қорытындылады.