Қазақстандық жеңіл атлеттер 52 медаль еншіледі

Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир аяқталды.

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінен мәлім еткендей, жалпы командалық есеп бойынша, Қазақстан қоржынында – 52, Тәжікстанда – 9, Өзбекстанда – 16, Қырғызстанда 1 медаль бар. «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде екі күн бойы өткен жарысқа барлығы 155 спортшы қатысты. Ел намысын Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарынан юниорлар қорғады. Олар жеңіл атлетиканың бірқатар дисциплинасында сынға түсті: 60 метрге жүгіру, 60 метрге кедергімен жүгіру, 200, 400, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, 3 000 метрге спорттық жүріс, ядро лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, эстафеталық 4х200 метр, 12 жеке түр 1 эстафета және 4х200 метрге аралас эстафета.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр