Қазақстандық жас хоккейшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккейден әлем чемпионатының 'А' дивизионында бақ сынап жатқан Қазақстан жастар құрамасы топтағы бірінші ойынды жеңіспен бастады. Отандастарымыз мажар елінен келген замандастарын 5:2 есебімен айқын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Будапеште өткен ойында Қазақстан жастар құрамасы сапында Дәулет Нұркенов (4-минут), Егор Смольянинов (13-минут), Артем Авдеенко (49-минут), Всеволод Логвин (53 және 58-минуттар) шайба соқты. 

Жас хоккейшілеріміз екінші ойынын бүгін Данияға қарсы өткізеді. Скандинавия елінің өкілдері алғашқы ойында Францияға жол берді. 

Топта отандастарымыз Венгрия мен Даниядан бөлек Франция, Жапония және Австрияға қарсы ойнайды.