Қазақстандық вакцинаның артықшылығы неде?
Ертеңнен бастап елімізде коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салына бастайды.
Алматы, NEGE. Әзірге ел өңірлеріне екпенің 50 мың дозасы жеткізілді. Отандық вакцинаның артықшылығы неде? Елімізде коронавируске қарсы вакциналау ақпанның бірінде басталып кетті. Бүгінге дейін азаматтарыға ресейлік «Спутник Ви» екпесі салынған болатын. Ал ертеңнен бастап, отандық QazVac вакцинасы егіле бастайды.
Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестрінде тіркелген. Ғалымдар екпені жасау үшін соңғы 60 жыл ішінде зерттелген әрі қауіпсіз компоненттерді қолданды. Құрамында инактивті вирус бар. Ал ресейлік «Спутник Ви» екпесіндегі вирус белсенді.
Отандық вакцина жасушалық иммунитетті қауіпсіз түрде қоздырады. Оны арнайы тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Екпені жеткізу үшін күрделі қондырғылар қолданылмайды. Температурасы 2-8 градустық техниканың болғаны жеткілікті. Клиникалық зерттеулердің нәтижесінде «QAZVAC» вакцинасының бірінші компонентін алғандарда вирусты бейтараптандыратын антиденелердің пайда болатыны анықталды. Екінші рет екпе салынған соң оның деңгейі тұрақты түрде өсетіні дәлелденді.