Қазақстандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеуден өтті

Коронавирус инфекциясына қарсы «QazCovid-in ®» қазақстандық вакцинасы клиникаға дейінгі зерттеуден өтті.

Алматы, NEGE. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының (ДЗСҰО) Алматы қаласындағы аймақтық филиалының фармакологиялық сынақ зертханасы базасында COVID-19 қарсы қазақстандық белсенді емес вакцинаны (QazCovid-in ®️) клиникаға дейінгі зерттеу аяқталды.

Жануарларға вакцинаның күшейтілген дозасын салып, оның қауіпсіздігі мен уытты әсері мұқият тексерілді.

Сонымен қатар, осы зерттеу аясында отандық вакцинаның ағзаға аллергиялық реакциясы мен денені тітіркендіргіш әсерінің жоқ екені анықталды. Жалпы зерттеу әдістерінен басқа, вакцинаның қауіпсіздік деңгейі қанның гематологиялық және биохимиялық көрсеткіштерімен расталды.

Вакцинаның жануарлардың ішкі мүшелеріне әсері де бағаланды», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетіне қарасты «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК-дан».

Мәлім етілгендей, жіті зерттеу нәтижелері клиникаға дейінгі зерттеу COVID-19 қарсы отандық вакцина уытты емес екенін анықтады және оны кейін клиникалық сынақ барысында ерікті-адамдарға қолдануға болатындығын көрсетті.

«Жаңа вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін толық бағалау үшін, қазақстандықтарды вакцинациялау үшін одан әрі кең ауқымды клиникалық зерттеулер қажет. Зерттеудің барлық кезеңі өткізілгеннен кейін ғана вакцинаның қауіпсіздігі туралы айтуға болады», - деді биология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» Алматы фармакологиялық сынақ зертханасының меңгерушісі Валентина Шнаукшта.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған