Қазақстандық туристер Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен
6 қазақстандық турист тауға жорық кезінде Қырғызстан шекарасын заңсыз өткен, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы.
Алматы, NEGE. "2021 жылы шекара қызметі мемлекеттік шекарадан 6 заңсыз өту дерегін тіркеді. Адамдар туристік мақсатта Алматы асуы арқылы Үлкен Алматы шатқалына шыққан. Оған барар жолда мемлекеттік шекарадан 300 метр қашықтықта орналасқан Алматы көліне барған. Көл географиялық жағынан Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.
6 адамға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшін ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Осыған ұқсас заңбұзушылық дерегі 2022 жылы да тіркелген.
Ақпарат бойынша, туристер мына маршрут бойынша жүрген: Дулати даңғылы - "Іле-Алатау" МҰТП экопосты - Үлкен Алматы көлі - Космостанция - Турист шыңының солтүстік-батыс беткейі - Проходное шатқалы - Алагир өзенінің оң саласы - Проходная өзені - Проходная асуының кең аңғары.