Қазақстандық теннисшілер финалда

Қазақстандық теннисшілер Григорий Ломакин мен Аружан Сағындықова халықаралық турнирлердің финалына дейін жетті.

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Григорий Ломакин жұптық сында украиналық Олег Приходькомен бірге Перейра (Колумбия) ATP Challenger турнирінің финалында венесуэлалық Луис Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен күш сынасты.

Г.Ломакин мен О.Приходько тәжірибелі қарсыластарымен теңбе-тең дәрежеде өнер көрсетті.

Екі сет те тай-брейкке дейін жетіп, онда Л.Мартинес пен К.Родригес сәттірек ойнады – 7:6 (7:2), 7:6 (7:3).

Мароккода сондай-ақ үшінші санаттағы ITF Juniors жарысы мәреге жетті. Онда тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова португалиялық Софья Пинтомен бірге соңғы бәсекеде жергілікті спортшылар Мафалда Гуэдеш – Матильда Мораисқа есе жіберді – 2:6, 4:6.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды