Қазақстандық теннисшілер Азияда көш бастады

Азия теннис федерациясы (ATF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жекелей сында қазақстандықтар көш бастады. Ұлдардан Нұр-Сұлтан қаласындағы теннис мектебінің түлегі Ерасыл Бақтияр, қыздардан алматылық Полина Слепцова бірінші сатыға көтерілді.

Ерасыл биыл ATF сериясы бойынша өткен бес турнирге қатысты. Тамызда Шымкентте өткен Shymkent Open ATF14Under Junior Grade A жарысында қазақстандық жас теннисші чемпион атанса, бір апта бұрын Өскемендегі додада финалға дейін жетті. Сондай-ақ П.Слепцова 2021 жылы ATF сериясы бойынша төрт турнирге қатысып, бәрінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Shymkent Open ATF14Under Junior Grade A және Almaty ATF&14 Under Junior Grade 2 жарыстарында ол жеңімпаз атанса, қалған екеуінде үздік үштікке ілікті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр